Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 30-ға жуық шетел азаматы елден шығарылды

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 30-ға жуық шетел азаматы елден шығарылды
Атырау қаласы полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын сақтауын бақылау, заңсыз көші-қон арналарын әшкерелеу, шетел азаматтарымен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар жүргізуде. Осы ретте, Атырау қаласы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотының қаулысын орындаудан жалтарып жүрген шетел азаматтарын анықтау мақсатында полиция басқармасының жеке құрамы іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды.
 
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 27 шетел азаматының тұрғылықты мекенжайы анықталып, олар сот шешіміне сәйкес еліміздің аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды. Сондай ақ, жүргізілген іс-шаралар барысында 150-ден астам шетел азаматы тексеріліп, нәтижесінде ҚР келіп-кету заңнамаларын бұзғаны үшін 83 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 517, 518-бабы бойынша хаттама толтырылды.
 
Азаматтардың ел аумағында заңды негізде болуын қамтамасыз ету – ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.