Департаментте Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев жеке құраммен кездесті

Департаментте Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев жеке құраммен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Ақ жол” демократиялық партиясының мүшесі Серік Ерубаев Атырау облысы полиция департаментіне жұмыс сапарымен келіп, жеке құраммен кездесу өткізді. Іс-шараға “Ақ жол” ҚДП Атырау облыстық филиалының аппарат жетекшісі Айсұлу Әбдолқызы мен Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев қатысты.
Кездесу барысында Серік Ерубаев ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолында адал қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларға алғыс білдіріп, қызметімен ерекшеленген бірқатар полицейді «Еңбегім еліме» төсбелгісімен марапаттады.
Сонымен қатар, депутат өңірдегі жол қауіпсіздігі мәселесіне де ерекше тоқталып, бұл бағыттағы бақылау мен алдын алу шараларын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.