23–25 маусым аралығында елімізде құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру мақсатында «Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік» республикалық акциясы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол қауіпсіздігі тақырыбында сұрақ-жауап түрінде викторина ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты — жол қозғалысына қатысушылардың назарын қауіпсіздік ережелеріне аудару, тәртіп пен жауапкершілікке үндеп, апаттардың алдын алу.
Құрметті азаматтар!
Жол қауіпсіздігі – әрбір адамның ортақ жауапкершілігі.
Баршаңызды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға шақырамыз.