26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастар мен ересектер арасында нашақорлыққа және синтетикалық есірткіге қарсы имунитетті қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізу ісін қолға алды. Осы бағытта, атыраулық полицейлер Атырау қалалық Бұқаралық спортты дамыту клубымен бірлесіп, жасөспірімдерге спорттық іс-шара өткізді.
Шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және есірткіден алшақ ұстау. Сайысқа қатысқан жасөпірімдер диплом, алғыс хат және арнайы естелік сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, шара соңында жас спортшыларға нашақорлық пен синтетикалық есірткінің зияны, оның қазіргі қоғамдағы кең таралуы және есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқықбұзушылықтар бойынша қылмыстық жауаптылық жөнінде мәлімет берілді.