16 маусым – Медицина қызметкерлері күніне орай, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев Департамент жанындағы емханасы бар госпиталь мен әскери-дәрігерлік комиссияның ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кездесу барысында Департамент бастығы адам денсаулығын сақтау жолындағы жауапты әрі қиын қызметтің маңыздылығына тоқталып, медицина саласының мамандарына алғысын білдірді.
- Сіздер өздеріңіздің кәсіби міндеттеріңізді үлкен жауапкершілікпен атқарып, полиция қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және олардың қызметке жарамдылығын қамтамасыз ету бағытында маңызды үлес қосып келесіздер. Қиын әрі жауапты еңбектеріңіз, жоғары біліктілік пен адал қызметтеріңіз үшін алғыс білдіреміз, – деді полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев.
Іс-шара аясында бірқатар медицина қызметкері Департамент бастығы полиция генерал майоры Нұрхат Оразбаевтың Алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Атырау облысы полиция департаменті барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат және еңбекте табыс тілейді.