Атырау облысы Индер ауданында орналасқан "Жас Өркен" жазғы лагерінде балалардың жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кешенді профилактикалық шараларды өткізуде.
Аудандық полиция қызметкерлері лагерлерде демалып жатқан жасөспірімдермен тұрақты кездесулер өткізіп, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Әр лагерьге жауапты тәртіп сақшылары бекітіліп, олар апта сайын балалар арасында тәртіп сақтау, қоғамдық орындарда, табиғат аясында және тұрмыста өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіреді.
Бүгінгі таңда демалушылардың төрт ауысымымен профилактикалық шаралар өткізілді. Балалар серуенге, экскурсияға шыққан және су айдындарында демалған сәттерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылуда.