Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында еркін форматтағы кездесу өтті. Іс-шараға Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Марьяна Джангалиева, облыстық Әкелер кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары, білім беру ұйымдарының, облыстық прокуратураның өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
Кездесу фасилитациялық форматта ұйымдастырылып, қатысушылар жастар арасындағы құқықбұзушылықтың себептері мен түрлерін, оған әсер ететін факторларды және оны шешудің тиімді жолдарын ашық талқылады.
Сонымен қатар, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, ортақ шешімдер қабылдауға ықпал етті.