Атырау облыстық қан орталығында донор болуға қан тапсыру акциясы өтті. Шараға Атырау облысы Полиция департаментінің басшы құрамы қатысты. Таңертең олар қызметтік міндеттерінен уақытша қол үзіп, бұл жерге қызметтік емес, азаматтық парызын өтеу үшін келді.
Әрбір қатысушы 450 миллилитр қан тапсырды — бұл көлем бір емес, бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға жеткілікті.
Полицейлер мұндай игі бастамаларды үнемі қолдайды. Себебі олар қызмет барысында қан донорлығы адам өмірін сақтап қалуда қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі.
Шара Қазақстан полициясы күніне орай ұйымдастырылды. Мұндай акциялар дәстүрге айналып, тұрақты түрде өткізіліп келеді. Полицей-донорлардың қатары күн санап артып келеді.