ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметке жастарды кеңінен тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеу кезеңі басталды. Іріктеуге 35 жасқа толмаған, жоғары білімі бар, ел дамуына үлес қосқысы келетін азаматтар қатыса алады.
Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мамандары полиция департаментінің жеке құрамына арнайы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында іріктеу кезеңдері, қатысу шарттары мен бағдарламаның артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді.
Мамандар полиция қызметкерлерін белсенділік танытып, Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға шақырды. Бұл бастама – жас мамандардың әлеуетін арттыруға, кәсіби өсуіне және ел мүддесі үшін қызмет етуіне үлкен серпін береді.