Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды

Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды
Атырауда 33 жастағы видеоблогер мен 39 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олар жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге қорқытып алғаны үшін күдікті деп танылды. Сондай-ақ, тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.