Мемлекеттік рәміз – тәуелсіздіктің нышаны. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы, мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Осы орайда, Атырау облысы полиция департаментінің жеке құрамының қатысуымен саптық жиында мемлекеттік туды көтеріп, еліміздің әнұраны орындалды.
-Елдігіміздің символдары қашан да әрқайсымыздың жүрегіміздің төрінен ойып орын алады. Бүгінгі салтанатты шарада Мемлекеттік рәміздерге қарап сап түзедік. Мереке қарсаңында өткізілетін мұндай шаралар біздің патриоттық сезіміміз бен сенімізге күш-қуат береді, ал өскелең ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігіне қанат бітіреді. Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Құрметті, әріптестестер, баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтата берсін! - деді, Атырау облысы полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев.