30 мамыр күні Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиевтің төреағалығымен департаментте жеке құрамға саптық жиын өткізілді. Осы ретте, тәртіп сақшылары көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту мақсатында тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет етеді.
- Полиция қызметкерлері қызметтің күшейтілген түрінде қызмет атқарып, азаматтарға қауіпсіз, әрі жайлы жағдай жасау үшін барлық шараны қамтамасыз ететін болады. Қоғамдық жерлерде құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету біздің басты міндет,-деді Атырау облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиев.