«Қазақстан балалары»: полиция департаментінде ашық есік күні өтті

«Қазақстан балалары»: полиция департаментінде ашық есік күні өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау облысы полиция департаментінде «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өтті.
Балалар ведомстволық музеймен және Жедел басқару орталығымен танысып, арнайы жасақтың жаттығуын тамашалады. Сонымен қатар, ПД Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қызметтік итпен бірге шеберліктерін көрсетіп, шара барысында тимбилдинг форматындағы тапсырмалар арқылы полиция қызметкерлерімен қарым-қатынас орнатып, қауіпсіздік мәдениеті туралы ақпарат алды.
- Іс-шараның басты мақсаты – балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыру. Бұл бағыт мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық Құрылтайда атап өткен басым міндеттерінің бірі. Сондықтан, балаларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерін талап ететін маңызды бағыт,- дейді Атырау облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Ғалымжан Сембаев.