ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Әкімшілік полиция
20 февраля 2025
Жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Атырау қаласы полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімі жол және техникалық инспекция тобының қызметкерлері «Спецавтобаза» ЖШС қызметкерлерімен жол қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Шара барысында инспекторлар мекеме қызметкерлеріне жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, жүк және жолаушы тасымалдау тәртібі, сондай-ақ мүлік пен заттарды тасымалдаудың заңдылықтары жөнінде кеңінен ақпарат берді. Полиция қызметкерлері жол ережелерін бұзудың салдарына тоқталып, арнайы техника жүргізушілеріне қауіпсіздік талаптарын ескерудің маңыздылығы туралы айта өтті.
 
Сонымен қатар, кездесуде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көлік құралдарының техникалық жай-күйін қадағалау, ауыр жүк тасымалы кезінде жылдамдық режимін сақтау және жаяу жүргіншілерге жол беру мәселелері талқыланды. Полиция қызметкерлері мұндай профилактикалық шаралардың жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, жолдағы тәртіпті күшейтуге ықпал етеді. Ал мекеме қызметкерлері өз кезегінде берілген ақпараттың пайдалы екенін айтып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша атсалысатынын жеткізді.
Жергілікті полиция қызметі
20 февраля 2025
“Қауіпсіз жол” іс-шарасы: 1 күнде 500-ге жуық жол жүру ережесін бұзу дерегі анықталды
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 18-21 ақпан күндері аралығында облыс аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
 
Іс-шараның алғашқы күнінде жол жүру ережелерін өрескел бұзуының 463 дерегі анықталып, 34 автокөлік айып тұрағына қойылды. Оның ішінде:
 
Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу – 59;
Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу – 81;
⁠Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы – 79;
Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдауы – 60;
Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң тәулiктiң жарық мезгiлiнде сыртқы жарық түсiру аспаптарын және дыбыс сигналдарын пайдалану қағидаларын бұзуы – 48;
Маневр жасау қағидаларын бұзуы – 29;
Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – 16;
Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы – 18;
⁠Жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамауының – 10 және автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзуының 10 дерегі тіркелді.
Жергілікті полиция қызметі
19 февраля 2025
Атырауда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Атырау облысы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 18-21 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
 
Іс-шара барысында полицейлер жолда жүру қағидаларын өрескел бұзушылықтарды, оның ішінде көлік құралын мас күйде басқару, жылдамдықты асыру, басып озу, қарама-қарсы жүру, маневрлеу, қиылыстардан және жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту, жолаушыларды және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін тексереді.
Кадр саясаты
19 февраля 2025
Атырауда ҚР ІІМ ведомстволық жоғарғы оқу орындарының өкілдері оқушылармен кездесті
Еліміздің болашағы - білімді жастардың қолында. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты болғандықтан, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса көңіл аударып келеді. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы еліміздің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналды.
 
17 ақпан күні Атырау облысы полиция департаментінде ҚР Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына талапкерлерді оқуға шақыру мақсатында кездесу өтті. Іс-шараға ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының өкілдері және Атырау қаласындағы білім беру мекемелерінің 300-ге жуық мектеп оқушылары қатысты.
Мамандар ІІО-на қызметке қабылдау үшін үміткерлерге қойылатын негізгі талаптарды, критерийлерді, оқу орнына қабылдау ережелерін түсіндіріп, болашақта құқық қорғау саласында қызмет етудің артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді. Бұл шара мектеп түлектерінің болашақ мамандығын таңдауға көмектесіп, ІІМ оқу орындарына түсуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
 
Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында оқушыларға полициядағы қызметтің артықшылықтары, негізгі міндеттері хабардар етіліп, арнайы видеоролик назарға жеткізілді.
 
Сондай-ақ, кездесудің соңында викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының қызметкерлері де өз кезегінде ІІО-ғы қызмет қазіргі қоғамдағы ең маңызды мамандықтарының бірі екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, оқушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарына жауап берді.
Жергілікті полиция қызметі
18 февраля 2025
«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы: Атырауда 2 күнде 170 құқық бұзушылық анықталды
Жасөспірім балалардың құқықтарын бұзу, олардың қатысуымен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау, олардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында Атырау облысы аумағында 14-17 ақпан күндері аралығында “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
 
Іс-шара кезінде ІІО-на 164 жасөспірім жеткізілді. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 5 ата-ана есепке қойылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында барлығы 170 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
- кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау - 19;
-ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша 4 құқық бұзушылық анықталды,
-ӘҚБтК-нің 442-бабы 2 бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) 140 құқық бұзушылық анықталды,
-ӘҚБтК-нің 442-бабы 3 бөлігі бойынша (Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) 7 құқық бұзушылық анықталып, тиісті іс-шаралар қолданылды.
 
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Әкімшілік полиция
18 февраля 2025
Атырауда полицейлер жеткізу қызметінің өкілдерімен жол қауіпсіздігін талқылады
Атырау облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтық қоғаммен ынтымақтастықты күшейту мақсатында Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы Glovo жеткізу қызметінің өкілдерімен кездесу өткізді.
 
Кездесу барысында полицейлер жол апаттарының жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, жүргізілген талдау нәтижесінде олардың көпшілігі жол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан туындайтынын атап өтті. Әсіресе, мопед мінген курьерлердің қатысуымен болған апаттарға ерекше назар аударылды. Тәртіп сақшылары авто-курьерлердің де өз қауіпсіздігін ғана емес, басқа жол қозғалысына қатысушылардың да қауіпсіздігіне жауапты екенін ескертті. Курьерлерге жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, олардың қауіпсіздігі үшін бірлескен шараларды күшейту ұсынылды.
Кадр саясаты
17 февраля 2025
BookCrossing: Халықаралық кітап сыйлау күні қарсаңында полицейлер әріптестеріне кітап тарту етті
Атырау облысы полиция департаментінде 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай іс-шара өтті. Шара барысында департамент қызметкерлері бір-біріне және кітап оқуға қызығушылықты арттыруға үлес қосты. Іс-шараның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және полиция қызметкерлері арасында мәдениетті дамыту. Полиция департаментінің басшылығы бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, кітап оқу адамның ой-өрісін кеңейтетінін және кәсіби дамуға ықпал ететінін жеткізді. Шара барысында қызметкерлер өздері ұнататын кітаптарды әріптестеріне тарту етіп, әдебиет туралы ой бөлісті.
 
Мұндай іс-шаралар полиция қызметкерлерінің мәдени және зияткерлік деңгейін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, олардың қоғаммен байланысын нығайтуға да көмектеседі.
Кадр саясаты
Жергілікті полиция қызметі
17 февраля 2025
Атырау облысының бас полицейі ПИК және МИБ басшыларымен кездесу өткізді
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев Атырау қаласындағы пәтер иелері кооперативтері (ПИК) мен мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және полиция мен тұрғын үй басқарушы ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қарастырылды. Облыстың бас полицейі өңірдегі жалпы криминогендік жағдайдың біршама тұрақтанғанын да атап өтті. Дегенмен, бөтеннің мүлкін ұрлау және алаяқтық фактілері әлі де өзекті болып отырғанын жеткізді. Ол алаяқтардың тұрғындарды алдау үшін қолданатын түрлі айла-тәсілдері туралы баяндап, азаматтарды күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге шақырды.
 
Тұрғын үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі кездесудің негізгі тақырыптарының бірі болды. Тәртіп сақшылары көпқабатты үйлерде бейнебақылау камераларын, дабыл қондырғыларын және смарт-домофондарды орнатудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ПИК және МИБ басшыларына тұрғындар арасында қауіпсіздікке қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
 
Жиын соңында қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді атсалысқан азаматтар марапатталды. Полиция қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіздікке мұқият қарап, күдікті жағдайлар орын алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабар беруге және жеке мүлкін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырды.
Криминалдық полиция
14 февраля 2025
Полицейлер интернет алаяқтықтың алдын алу шараларын түсіндірді
Атырау облысы полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Садуақас Жангалиев интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың жиі қолданатын әдістері және оларға қарсы сақтық шараларын түсіндіру мақсатында «КМГ Инжиниринг» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.
 
Кездесу барысында полицейлер бейтаныс адамдардан келген күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге және қаржылық операцияларды орындамас бұрын мұқият тексеруге шақырды. Сонымен қатар, интернет арқылы жасалатын қылмыстардан қорғану жолдары мен алаяқтыққа ұшыраған жағдайда қандай әрекет ету керегі де айтылды.
Тергеу және анықтау
Жергілікті полиция қызметі
14 февраля 2025
Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары!
Атырау облысы аумағында жыл басынан бері отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша 30 қылмыстық іс тіркеліп, 12 қылмыстық іс сотқа жолданды. Атап айтсақ, ҚР Қылмыстық Кодексінің 108-1-бабымен 6 дерек, 109-1-бабымен 24 дерек тіркелді. Ал, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша барлығы 5 күдікті ұсталған.
 
Айта кетейік, 2024 жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Енді денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғу сияқты құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді.
 
Зорлық-зомбылық фактілерінің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарласу қажеттігін ескертеміз.
 
Құқығыңыздың тапталуына жол бермеңіз!
Социальные сети
Атырау Полиция Департаменті
Атырау Полиция Департаменті
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы