ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жергілікті полиция қызметі
11 ноября 2024
Атырауда полицейлер жүргізушілерді ауа-райының нашарлауы кезінде жолда сақ болуға шақырады
Жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты, ауа райы кез-келген уақытта суытып, жол тайғақ болуы мүмкін. Ауа райының қолайсыздығы мен қар аралас жауын-шашынға байланысты қала ішіндегі көлік жолдарында көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті болады. Осы ретте, қолайсыз ауа-райы кезінде жол-көлік оқиғасының алдын-алу мақсатында полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге және сақ болуға шақырады.
 
- Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Ауа-райының нашарлауы, ең алдымен, жалпы жол жағдайына әсер етеді. Осыған байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қыс мезгіліне арналған көлік дөңгелектерін ауыстырып, ең бастысы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертемін. Егер жазғы маусымдық үлгідегі дөңгелектерді қысқы маусымда пайдаланған жағдайда көлік жүргізушісіне әкімшілік жауапкершілік көзделетінін қаперлеріңізге береміз,- деді Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Қуаныш Айдарұлы.
Жедел-криминалистикалық қызмет
11 ноября 2024
Полицейлер болашақ құқық қорғау саласының мамандарына дәріс өткізді
Қылмыс орнын қарауда жене зерттеуде негізгі рөлді криминалистика қызметі атқарады. Өйткені оқиға орнын сапалы қарау, қылмыскерлер қалдырған айғақ заттар мен іздерді алғашқы болып тіркеу, алу, орау және зерттеу криминалистердің кәсібилігіне байланысты. 5 қараша күні Атырау облысы полиция департаментінде Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің студенттеріне жедел-тергеу тобының қылмысты ашу тәжірибесі бойынша танымдық іс-шара өткізілді. Мақсаты – болашақ құқық қорғау саласының мамандарына жедел-тергеу тобының жұмысын таныстырып, қылмыс болған кезде полиция қызметкерлерінің қалай әрекет ететінін көрсету.
 
Колледж студенттері Жедел криминалистика басқармасына қатысты өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Атырау облысы полиция департаментінің бастамасымен құқықтық дәрістер өткізу алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
11 ноября 2024
«Есірткіге қарсы күрес»: полицейлер мен еріктілер нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізуде
Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы ақпарат беру, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға бағытталған қалалық білім беру ошақтарында түрлі семинар, дәрістер мен дөңгелек үстел шараларын ұйымдастыру дәстүрге айналған.
 
Осы ретте, Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Жастар рухы» қоғамдық қорының еріктілерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Сондай-ақ, қала аумағында орналасқан граффити жазбаларды жоюға және есірткіге қарсы жадынама парақтарын таратуға атсалысты.
 
- Нашақорлық - бүгінгі күннің ең қауіпті тәуелділік дерттерінің бірі. Ол адам өміріне ғана емес, қоғамға қауіпті. Біз өздеріңізбен жауапты сала қызметкерлерімен бірлесе отыра, кездесулер, акциялар тіпті, спорттық сайыстар ұйымдастырып тұрамыз. Басты мақсат - салауатты өмір салтын ұстанып, жат қылықтардан аулақ болуға шықырамыз,- деді Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Марьяна Джангалиева.
Жергілікті полиция қызметі
04 ноября 2024
Құрметті көлік жүргізушілерінің назарына!
В связи с изменением времени года, погода может внезапно измениться, и дороги могут стать скользкими. Поэтому важно знать меры предосторожности, чтобы избежать дорожно-транспортных происшествий.
 
- Проверьте состояние дороги заранее. Обратите внимание на прогноз погоды и предупреждения, поступающие от службы 112;
- Подготовьте транспортное средство к зимнему сезону, замените шины и устраните технические неисправности;
- Уменьшайте скорость в зависимости от погодных условий. Езжайте медленнее, учитывая состояние дороги;
- Соблюдайте безопасную дистанцию с автомобилем впереди;
- В случае неблагоприятных условий остановитесь в безопасном месте и сделайте перерыв;
- Будьте внимательны к дорожным знакам и правилам;
- Внимательно следите за дорожными знаками и соблюдайте правила дорожного движения;
- Воздержитесь от использования мобильного телефона и других отвлекающих устройств во время вождения;
- Не включайте дальний свет в условиях тумана, так как это может вызвать ослепление из-за отражения света.
Соблюдение мер предосторожности – залог вашей безопасности на дороге.
Жергілікті полиция қызметі
04 ноября 2024
«Каникул» іс-шарасы: ойын клубтарында түнгі уақытта жүрген 15-ке жуық жасөспірім анықталды
Аймақта жасөсіпірімдер арасындағы құқықбұзушылық бақылауы күшейтілді. Білім беру ұйымдарындағы түсіндірме жұмыстарынан бөлек полицейлер түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз қоғамдық орындарда жүретін жасөспірімдерді анықтауда. Мәселен, қаладағы компьютерлік ойын клубтары тексеріліп, түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрген 13 жасөспірім анықталды. Ата-аналары мен түнгі уақытта жасөспірімдерге қызмет көрсеткен кәсіпкерлік нысан жауапкершілікке тартылды.
 
Айта кетейік, күзгі демалыс кезінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында 28 қазан - 2 қараша аралығында облыс аумағында «Каникул» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы орайда, тәртіп сақшылары ата-аналарға жасөспірім баланың түнгі уақытта көше кезуі және беймезгіл уақыттарда компьютерлік ойын сауық орындарында қараусыз жүруі қауіпті екенін ескертеді.
Жергілікті полиция қызметі
01 ноября 2024
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік»: полицейлер ашық диалог алаңында жастармен кездесті
29 қазан күні М.Асаубаева атындағы креатив орталығында Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» қауымдастығы жастарға арналған «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» тақырыбында ақпараттық-талқылау шарасын ұйымдастырды. Әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алудағы хабардарлықты арттыру және диалог орнатуға бағытталған шараға Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Раиса Айтжанова қатысты. Шараның мақсаты - гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу туралы хабардар ету және қоғамдағы отбасының рөлін нығайту, құқықтық тәрбиені насихаттау.
 
Шара барысында гендерлік теңдікті қолдауда ер адамдардың маңызды рөлі, зорлықты күшейтетін зиянды гендерлік стереотиптерді талқылау және жоққа шығару, студенттер, оқытушылар мен қауымдастық мүшелері арасында диалог орнату, гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күресте бірлескен көзқарас қалыптастыру, отбасындағы зорлық-зомбылыққа тосқауыл қою мәселесі талқыға түсті. Сонымен қатар, полиция майоры және шараға қатысқан мамандар мен белсенділер гендерлік теңдікті қолдап, зорлық-зомбылықсыз қоғам құру жолында бірлесіп жұмыс атқару қажеттігін алға тартты.
Жергілікті полиция қызметі
01 ноября 2024
«Каникул» іс-шарасы: 2 күнде ата-ана қарауынсыз жүрген 151 жасөспірім анықталды
Күзгі демалыс кезінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтарды болдырмау 28 қазан 2 қараша аралығында облыс аумағында «Каникул» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Профилактикалық іс-шараның екі күнінде 170 құқық бұзушылық анықталды.
 
Оның ішінде:
- ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-бөлігі, яғни кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс болуы бойынша – 151;
- ҚР ӘҚБтК 127-бабы, яғни ата-аналық міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін – 12;
- ҚР ӘҚБтК 132 бабы, яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру бойынша - 1;
- ҚР ӘҚБтК 434 бабы, яғни ұсақ бұзақылықпен - 4,
- ҚР ӘҚБтК 435 бабы, кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық бойынша - 1 әкімшілік хаттама толтырылды.
 
Құрметті ата-ана! Күзгі демалыс кезінде жасөспірімдердің оқыс оқиғалар мен құқық бұзушылықтарға тап болу себебі олардың көбіне бос уақыттарын тиімді пайдаланбауынан туындайды. Сондықтан, жасөспірім балаңыздың түнгі уақытта көше кезуі және беймезгіл уақыттарда компьютерлік ойын сауық орындарында, қоғамдық орындарда қараусыз жүруі қауіпті екенін ескертемін.
Кадр саясаты
Жергілікті полиция қызметі
31 октября 2024
Департаментте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі атқарылған жұмыстар талқыланды
28 қазан күні Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдіғани Сейдуалиевтің төрағалығымен тәртіп сақшыларының 9 айдағы атқарған жұмыс барысы талқыланды. Жиынға Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев және Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қатысты.
 
Жиын барысында қоғамдық тәртіпті қадағалау, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттар назарда екені айтылды. Сонымен қатар, әр қызметкер өзінің тікелей міндеттерін адал орындауымен қатар, қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылықты ұстануы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Әкімшілік полиция
31 октября 2024
Полицейлер қыс мезгілінде жолдарды күтіп-ұстау мекемелерінің дайындығын тексерді
Атырау облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция тобының қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ-ның Атырау облыстық филиалының қыс мезгілінде жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына дайындығы тексерді. Мақсат ауа райы күрт салқындап, қарлы-борандар орын алған кезде жолдағы қауіпсіздіктің кепілі болып табылатын - жолды тазарту, күту жұмыстарына кедергі болатын мәселелердің алдын алу.
 
Айта кетейік, 15 қарашаға дейін Атырау облысы аумағындағы барлық республикалық, облыстық маңызы бар тас жолдарды күтіп-ұстауға жауапты мекемелердің техникалық дайындығы тексеріледі.
Кадр саясаты
30 октября 2024
Департамент бастығы «Жас сақшы» полиция сыныптарының оқушыларымен кездесті
Кадет сыныбы – бұл оқушыларды міндетті, өз уақытын жоспарлай алатын тәртіпке тәрбиелеп, болашақ тәртіп сақшыларды мектеп қабырғасынан бастап дайындау. “Жас сақшы” полиция сыныптарын құру, ең алдымен, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мектеп ортасында құқық бұзушылықтарды болдырмау және өз ісіне адал аға буынның қызметін жас ұрпаққа дәріптеу.
 
Осыған орай, Атырау облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев «Жас сақшы» кадет сыныбымен кездесті.
Кездесу барысында балалар полиция қызметі, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері туралы түрлі сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білдірді. Департамент қызметкерлерімен кездесу оқушыларға құқық қорғау органдарының кәсіби ортасына көріп, полиция жұмысы туралы маңызды ақпарат алуға мүмкіндік берді. Өңірдің бас полицейі қызметте тәртіптің және заңға құрметтің маңыздылығын атап өтті.
 
- Балалар болашақта құқықтық тәртіпті сақтауда елдің лайықты азаматтары болатынына сенімдімін. Сіздерге оқу жылында сәттілік пен биік белестер тілеймін, ата-аналарыңның абройлы, өнегелі балалары болуыңызға тілектеспіз,-деді департамент бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев.
Социальные сети
Атырау Полиция Департаменті
Атырау Полиция Департаменті
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы