Автокөлік ұрлығы мен айдап әкетудің алдын алу және жолын кесу, ұрланған автокөліктерді жасыру орындарын анықтау мақсатында 21-23 қазан аралығында Атырау облысында “Автокөлік” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Осы кезеңде ұрланған және ұрланған автокөлікті (автотұрақтар, автокөлік пен қосалқы бөлшектерді сату бойынша базарлар) жасыру, сақтау, Жөндеу, бөлшектеу және өткізу орындарын анықтау бойынша рейдтер жүргізу үшін мобильді топтар құрылды. Айыппұл алаңдары мен автотұрақтарда сақтаулы иесіз, алып қойылған, ұсталған автокөліктерге түгендеу жүргізілуде.
Кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Атырау облысы полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрлан Бисекенов № 35 жалпы білім беретін орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жасөспірім арасында құқық бұзушылықты болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әректтер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім-тәрбие беру мақсатында өтті. Жиын барысында құқық бұзушылық жасаған кезде балаларға қандай жауапкершілік қарастырылғанын және қандай тәртіп бойынша өтеуі бар екендігі туралы кеңінен түсінік берілді.