Елордалық Полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті

Елордалық Полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті

Бүгін Астана қаласы Полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Марат Төлебаев мерекенің маңыздылығына тоқталды.

«Бұл - мереке туған жерін отанын қорғап қалған әкелеріміз бен аталарымыздың   өшпес ерлігін дәріптейді.

Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Ардагерлердің өмір жолы - біз үшін патриотизмнің адамгершіліктің және антқа адалдықтың ең жоғарғы көрсеткіші болып қала береді», — деді ол.

Сонымен қатар полиция саласында да ерлік көрсеткен азаматтар аз еместігін атап өтті. Тәуелсіздік жылдарынан бері қылмыстық әрекеттерден азаматтарды қорғай отырып, 8 полиция қызметкері ерлікпен қаза тапқан. Қызметтік міндетін орындау барысында елордалық Полиция департаментінің 17 офицері қаза тапқан. Олардың есімі әрқашан әріптестерінің жадында мәңгі сақталады.

Дәстүрге сай мерекелік күн - марапаттау рәсімінен басталды. Ішкі істер министрінің және Полиция департаменті бастығының бұйрығымен ерекшеленген қызметкерлер мен ішкі істер органдарының ардагерлеріне алғыс хаттар, құрмет грамоталары, медальдар және мерзімінен бұрын арнаулы атақтар табыс етілді.

Ресми бөлімнен кейін Отан қорғаушылардың ерлігі мен табандылығына арналған патриоттық әндер шырқалған концерттік бағдарлама өтті.