Астанада ПД бастығы жалпы гарнизондық тарату өткізді

Астанада ПД бастығы жалпы гарнизондық тарату өткізді

Азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында елорда аумағында "Құқықтық тәртіп", "Мерген", "Қауіпсіз жол, "Жасөспірім", "Заңсыз келуші" және "Қылмысты тоқтату" жедел-алдын алу іс-шаралары өткізіліп жатыр.
Аталған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №5573 әскери бөлімінде полиция кешенді күштерінің жалпы гарнизондық таратуы өтті. Іс-шараға әкімдік өкілдері, күзет ұйымдарының қызметкерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері және еріктілер қатысты.
Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша басым бағыттар белгіленді. Жол жүрісі қағидаларын сақтау және жолдардағы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды анықтау бойынша рейдтер өткізу жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі жариялаған "Профилактика жылы" аясында профилактикалық жұмысқа ерекше назар аударылуда. Шара барысында ПД бастығы Марат Төлебаев қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен және адал атқарудың, сондай-ақ кез келген құқық бұзушылық көріністеріне мүлдем төзбеу қағидатын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.