«Динамоның» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдық мерейтойына орай Астанада волейболдан турнирге күштік және құқық қорғау органдарының тоғыз мықты командасы қатысып,бірінші орын мен Астана қаласы «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы төрағасының Кубогы үшін бақ сынасты.
Қызу тартыста жүлделі үшінші орынды Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі иеленді. Команда өздерінің жоғары деңгейдегі командалық рухын көрсетті.
Екінші орынға Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командасы ие болды. Олар жауынгерлік рух пен тамаша техникалық дайындықтарын паш етті.
Турнирдің жеңімпазы және Астана қалалық «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының төрағасы Кубогының иегері – Астана қаласы Полиция департаментінің командасы атанды.
Спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, әр доп үшін жанкешті күресті. Турнирді лайықты деңгейде аяқтады.
Жарыстар «Aspan» спорт кешенінде өтті және бұл шара шынайы күш, спорт пен бірліктің мерекесіне айналды. Ойындар әсерлі әрі қызықты атмосферада өтті. Қатысушылар «Динамо» дәстүріне сай тәртіп, төзімділік пен спортқа адалдықтың жарқын үлгісін көрсетті.