ІІМ-нің 2025 жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары қызметкерлеріне жоспардан тыс аттестаттау өткізуді
Ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі-бұйрық) бұйрығының аясында Астана
қаласы Полиция департаменті жоспардан тыс аттестация болатындығы
туралы хабарлайды.
Мақсаты-алдағы тоқсанға қызметкерлерді жоғары тұрған басшы
лауазымдарға жылжыту бойынша кадрлық жоспарлау.
ІІМ-нің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №733 бұйрығына сәйкес ПД
бастығының номенклатурасына жататын, жоспардан тыс аттестаттаудан
өтуге ниет білдірген қызметкерлер үлгіге сәйкес хабарландыру шыққаннан
кейін бес жұмыс күні ішінде Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына
баянаттарын ұсынады.
Жоспардан тыс аттестаттауға келесі қызметкерлер жіберілмейді:
1)басшы лауазымдарына қойылатын минималды біліктілік
талаптарына сәйкес келмейтін қызметкерлер (ІІМ 2020 жылғы 12
маусымдағы №463 бұйрығы).
2)қолданыстағы тәртіптік жауапкершілігі бар қызметкерлер;
оларға қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тексеріс
жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Сұрақтар туындаған жағдайда Тәрбие және кадр жұмысы
басқармасы қызмет өткеруді ұйымдастыру бөліміне хабарласуға
болады.
каб.212,213,215,216. Анықтама үшін байланыс телефондары:
72-62-79,71-62-64, 72-62-15.
Ескерту: Жоспардан тыс аттестаттау нәтижесі жоспарлы
аттестация мерзіміне әсер етпейді