2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестірілді. Бұл өзгеріс көлік қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жолдағы тәртіпті нығайту мақсатында енгізілді.
Аталған өзгерістерге байланысты 6 сәуірден бастап Астана қаласында мопед жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және түсіндіру мақсатында арнайы профилактикалық іс-шаралар басталды.
Іс-шараның алғашқы тәулігінде 26 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 5 мопед айыптұраққа қойылды.
Мәселен, Суворов көшесінде мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген мопед тоқтатылды. Тексеру барысында оның 21 жастағы жүргізушісінің тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі жоқ екені белгілі болды. Бұл дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес айыппұл салынды. Мопед Астана қаласының коммуналдық айыптұрағына қойылды.
Ішкі істер органдары азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаңа талаптарды назардан тыс қалдырмауға кеңес береді. Енді мопед жүргізушілері де басқа көлік құралдары сияқты мемлекеттік тіркеу нөмірін алады, жүргізуші болуы қажет және міндетті сақтандыру рәсімдеу талаптарын орындауы тиіс.
Естеріңізге саламыз: жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі. Жаңа ережелер заңды күшіне енді және оларды сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.