Елордалық полицейлер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жалғастыруда.

Елордалық полицейлер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жалғастыруда.

Экологиялық акция аясында «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» бағытында жол желілері мен құрылыс нысандарын зерттеу үшін мобильді топтар жұмыстарын жалғасытуда.
Науқан басталғалы 204 құрылыс нысаны тексеріліп, оның барысында құрылыс нысандарынан жолдың ластануының 94 фактісі анықталды. Жол жамылғысын ластағаны үшін құрылыс компанияларының құрылыс салушылары ӘҚБтК-нің 630-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, көлік жуу орындарын орнату бойынша 85 ескерту және анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар жойылғанға дейін жұмыстарды тоқтату туралы 46 ұйғарым шығарылды.
Полицейлер белгісіз орындарға қоқыс түсіріп жатқан тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.
Осылайша, табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Ч.Айтматов көшесінің бойында рұқсатсыз қоқыс түсіруге жол берген «Howo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісін ұстады. Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама жасалып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Полигон құру бөлігінде қала аумағын абаттандыруды бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 20 АЕК, кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК мөлшерінде ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.