Астаналық сақшылар ІІО ардагерлері арасында шағын футболдан турнир өткізді

Астаналық сақшылар ІІО ардагерлері арасында шағын футболдан турнир өткізді

Астаналық полицейлер Ұлы Отан соғысына қатысушылар, гвардия капитаны Кахаев Жұмадулла Прмағамбетұлы мен гвардия лейтенанты Крутицкий Константин Петровичті еске алуға арналған шағын футболдан турнир ұйымдастырды. Турнирге ішкі істер органдарының ардагерлерінен құралған көркемөнерпаздар командалары қатысты. Қатысушылар өздерінің жинақтаған тәжірибесі мен білімін бере отырып, тәлімгерлік жұмысын тиімді жүргізіп қана қоймай, бос уақытында спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайтындықтарын тағы бір мәрте көрсетті.
Турнирдің басты мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында өткізілді. Тартыспен қызықты өткен жарыста әр команда тамаша дайындық көрсетті. Жарыс пен достық түсіністік рухында өткен сайыста жеңімпаздар анықталды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков ерекше көзге түскен «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» және «Бомбар ойыншы» аталымдары бойынша үздіктерді марапаттап, жеңімпаздарға дипломдар, медальдар және кубоктар табыс етті.