Елордалық полиция қызметкерлері велосипед ұрлаған жігітті анықтады

Елордалық полиция қызметкерлері велосипед ұрлаған жігітті анықтады

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында "Сарыарқа" ауданды ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлауға қатысы бар 24 жастағы жігітті анықтады. Бұған дейін қала тұрғыны полицияға жүгініп, кіреберістің жанында тұрған құны 50 мың теңге болатын "Ролато" маркалы велосипедін ұрлап әкеткенін айтып арызданған.
Полицейлер қаскүнемнің қолайлы сәтті пайдаланып, велосипед бекітілген арнайы сымды кесіп тастағанын анықтады. Сонымен қатар, жедел уәкілдер оның велосипед ұрлығының алты эпизодына қатысы бар екенін анықтады, ол ұрланған екі дөңгелекті көліктерді кейін сатпақшы болған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұрын сотталған ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Велосипед ұрлығы - маусымдық қылмыс. Күн жылынғаннан бастап көптеген қала тұрғындары екі дөңгелекті көлікке ауысады. Мұны пайдаланатын қаскүнемдер қоғамдық орындардан ұрлық жасайды. Негізінен ұрлық түнде және көбінесе үйлердің кіреберістерінен жасалынады.
Астана қаласының полиция департаменті велосипедтерді қараусыз қалдырмауды ескертеді. Велосипедтерді ұрылардың жеміне айналдырмау үшін ұрлыққа қарсы сапалы велосипед құлыптары мен тізбектерді пайдалануды ұмытпаңыз. Тұрақ ретінде бейнебақылау камераларының көру аймағында жақсы көрінетін жерлерге артықшылық беріңіз.
Егер сіз кіреберісте жүрген күдікті бейтаныс адамдарды байқасаңыз полицияға "102" нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.