Жедел қызметкердің түйсігі қылмыстарды ашуға көмектеседі

Жедел қызметкердің түйсігі қылмыстарды ашуға көмектеседі

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған қылмыстарды ашумен және тергеумен айналысады.
Полиция подполковнигі Нұрболат Төребеков ұйымдасқан қылмыстық топты қылмыстық жауапкершілікке тартумен және таратумен айналысатын бөлімді басқарады. Нұрболат Берікұлы ішкі істер органдарында 20 жылдан астам уақыт қызмет етеді, оның 8-і аталған бөлімшеде. Қызметін елордалық департаменттің "Алматы" ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінде жедел уәкіл лауазымынан бастаған, содан кейін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілінен бөлім бастығына дейін көтерілген. 2018 жылдан 2020 жылға дейін Павлодар облысы ПД басшылық лауазымдарында қызмет атқарған. 2020 жылдан "Алматы" ауданы ПБ жедел жұмыс жөніндегі полиция бөлімі бастығының орынбасары болған. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚҚКБ бөлім бастығы.
Оның пікірінше, жедел қызметте ең бастысы бұл - кәсіби шеберлік пен талдау қабілеті. "Бұл қасиеттер қылмыскерлердің ізіне түсіп, оларды ұстауға көмектескен кездерден көптеген мысалдар келтіруге болады", - дейді Нұрболат Төребеков.
Бос уақыт пайда болған кезде полиция қызметкері оны отбасы мен спортқа арнайды, өйткені ол бес баланың әкесі.