Елордалық полицейлер қаруды сатып алу бойынша акция өткізуде

Елордалық полицейлер қаруды сатып алу бойынша акция өткізуде

Астана қаласының полиция департаменті ағымдағы жылдың 22 сәуірінен бастап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізеді.
Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың техникалық жай-күйіне байланысты оның әрбір бірлігі үшін оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында республикалық бюджеттен төлем көзделеді.
Жарақаттанудың алдын алу мақсатында полицейлер табылған жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен ешқандай әрекет жасамауға, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға тырыспауға, бұл туралы полицияның кез келген бөлімшесіне, сондай-ақ 102 нөмірі немесе 112 нөмірі бойынша хабарлауға кеңес береді.
Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Полиция департаменті өткізілетін акцияға халықтың белсенді қатысуын және түсіністікпен қарауын сұрайды.