Бала күтуші пәтерден күзен тонды ұрлап, ломбардқа өткізген

Бала күтуші пәтерден күзен тонды ұрлап, ломбардқа өткізген

«Сарыарқа» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 27 жастағы қызды анықтады. Ол, бала күтуші болып жұмыс істейтін үйдің иелерінен күзен тонды ұрлады деп күдіктелуде. Құны 800 мың теңге болатын аң терісінен жасалған тонның жоғалғаны туралы полицияға елорда тұрғыны хабарлаған. Жалпы алғанда қыз аталған отбасында төрт жыл бала күтуші болып жұмыс істеген. Қолайлы сәтті пайдаланып, ол тонды пәтерден алып кетіп, ломбардқа өткізген.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел мойындау көрсетпелерін берді. Ол ақшаның көп бөлігін жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады.