Елордалық полицейлер пәтер ұрлығын ашты

Елордалық полицейлер пәтер ұрлығын ашты

Түскі уақытта Жұбанов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде " Samsung" маркалы ұялы телефон ұрланған.
Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге дереу кірісіп, нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған 39 жастағы ер адам болып шықты.
Ұсталған адам үйдің кіреберісіне кіріп, содан кейін құнды заттарды ұрлау үшін пәтерге кіру туралы қылмыстық ой келгені анықталды. Пәтердің есігі ашық тұрғанын көріп, ер адам ішке кіріп, "Samsung" маркалы телефонды жасырын ұрлап әкеткен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға пәтер ұрлығын болдырмау мақсатында қырағы болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, атап айтқанда бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға, тұрғын үйдің есігін аз уақытқа да ашық қалдырмауға кеңес береді. Бөлмеден немесе пәтерден шықпас бұрын есіктер мен терезелерді жабуды ұмытпаңыз.