Автокөлік жуу қызметкері машинадан құрал-саймандар жинағын ұрлады

Автокөлік жуу қызметкері машинадан құрал-саймандар жинағын ұрлады

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде "Сарыарқа" ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасауға қатысы бар 20 жастағы жас жігітті анықтады. Қаскүнем автокөлік жуушы болып жұмыс істегені және қызмет көрсету кезінде клиенттің автокөлігінен құрал-саймандар жиынтығын иемденгені анықталды. Жоғалту фактісі бойынша полицияға ер адам арызбен жүгінген, ол көлікті бір сағатқа жууға қалдырғанын хабарлаған. Қызмет көрсеткеннен кейін ол көлігін алып кетіп, біраз уақыттан кейін бірақ мүлкінің жоғанын байқаған. Қаскүнем ұрлаған құралдарды көрші дөңгелек жөндеу орнына сатып жіберген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Ұрлықты болдырмау үшін құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз.