Елордалық сақшылар лаңкестікке қарсы осал нысандарды тексеруді жалғастыруда

Елордалық сақшылар лаңкестікке қарсы осал нысандарды тексеруді жалғастыруда

Бұл ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік нысандар, адамдар көп шоғырланған, соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының көпшілігі.
Ағымдағы жылдың басынан 40 нысан тексеріліп, кемшіліктерді жою туралы 25 ұйғарым шығарылып, тексеру қорытындысы бойынша 6 нысанның басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, полиция қызметкерлерімен үш балабақшада мектепке дейінгі білім беру нысандарын тексеру барысында нысандарды күзетуде заң бұзушылықтар анықталды. Объектілерді лаңкестікке қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін нысан басшыларына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Айта кетерлігі, 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-3-бабына сәйкес мұндай объектілердің басшыларына нысанның терроризмге қарсы қауіпсіздік паспорттарын әзірлеп, профилактикалық және лаңкестікке қарсы қорғаныс пәні бойынша персоналды оқыту жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру қажет. Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шараларды жоспарлау, атап айтқанда, нысандарды жоғары сапалы телевизиялық бейнебақылау жүйесімен, күзет дабылы жүйесімен және халықты хабарлау жүйесімен жабдықтау міндеттелген.