Ұлттық спортқа деген сүйіспеншілік бала кезден басталған

Ұлттық спортқа деген сүйіспеншілік бала кезден басталған

Әр халықтың тілінде, салт-дәстүрінде, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде, спорттық ойындарында көрінетін мәдениеті ерекше. Көп жылдық тарихы бар дене шынықтыру жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі екені белгілі. Ал назар аударарлық оның құрамдас бөлігі – ұлттық спорт түрлері, олар арқылы заманауи спортқа жол ашылады.
Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің аға анықтаушысы полиция майоры Нұрсұлтан Рахымжанов ұлттық спорт түрлерінің хас шебері. Түркістан қаласында дүниеге келген ол жастайынан атқа мінуді игеріп, төзімділікке, тапқырлыққа икемді болып өскен. Сонымен қатар, Нұрсұлтан еркін күрес техникасын жетік меңгерген, гірдің тасын көтеру, арқан тарту, сондай-ақ армрестлинг сынды тамаша спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысып біріне бірнеше рет марапатталған тәртіп сақшысының бірі.