
Қазіргі уақытта полицияға 13-ке жуық алданған азамат өтініш білдірді, бірақ зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін.
Кәсіпкер астаналық азамат өз таныстарының сенімін пайдалана отырып, оларға БАӘ-нен ұялы телефондар сатып алу және дүкен ашу үшін ақша салуды ұсынғаны анықталды. 1 млн. теңге және одан да көп ақша "инвестицияланған".
Мәселен, «Сарыарқа» ауданының Полиция басқармасына қала тұрғыны жүгініп, танысы оған жоғары пайда табу үшін, ақшалай қаражатты "инвестициялауды" ұсынғанын хабарлады. Осылайша ол 6 млн.400 мың теңге сомасынан айырылған.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қаскүнем алған ақшаны жұмсап тастаған.
Қылмыстық істің 22 жастағы фигуранты қылмыс жасағанын мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы анықталуда.
Астана қаласының Полиция департаменті қала тұрғындарын бейтаныс адамдарға сенбеуді және қырағы болуды ескертеді.