Астаналық бикеш несиелеудің жеңілдетілген бағдарламасы бойынша көлік аламын деп алаяққа алданды

Астаналық бикеш несиелеудің жеңілдетілген бағдарламасы бойынша көлік аламын деп алаяққа алданды

Елорданың 24 жастағы тұрғыны жеңілдетілген бағдарлама бойынша несиеге жаңа автокөлікті рәсімдеуде көмектесуге уәде беріп, 400 мың теңге сомасында ақшаны иемденген.
Бір айдың ішінде ер адам аңқау астаналық әйелді алдап, оны жылдамдатылған тәртіпте және жеңілдетілген несие бойынша көлік сатып алатынына сендірген. Біраз уақыттан кейін әйел алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында "Есіл" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасауға қатысы бар жігітті анықтады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жігіттің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді және көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеруді ескертеді.