Елордада виртуалды ойын ойыншысы біреудің ұялы телефонын ұрлап кетті

Елордада виртуалды ойын ойыншысы біреудің ұялы телефонын ұрлап кетті

Полицияға Бөгенбай батыр даңғылындағы елордалық ойын-сауық орындарының бірінің клиенті жүгініп, телефонының жоғалғаны туралы арызданған.
"Байқоңыр" аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұялы телефонды ұрлады деген күдікпен 29 жастағы жігітті анықтады.
Кешке қарай ол уақыт өткізу үшін компьютерлік клубқа келген. Ойын залында болған кезде ол қуат көзіне қосылған басқа біреудің ұялы телефонын байқайды. Көрші компьютерде отырған клиент ұйықтап қалған сәтте, алдымен оның әрекетін бақылайтын куәгерлердің бар-жоғын тексеріп, содан кейін құны 70 мың теңге тұратын "VIVO" маркалы телефонды ұрлап, мекемеден кетіп қалған.
Сондай-ақ, қаскүнемнің ұрлықтың тағы үш эпизодына қатысы бары анықталды. Ұрының қоржынында банк картасы, сымсыз құлаққаптар және басқа да мүліктер бар.
"Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ер адам ПД УҰИ қамалды.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.