Астана қаласының "Есіл" ауданының аумағында ағымдағы жылдың 13-22 қаңтары аралығында "Жасөспірім" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Неғұрлым криминогендік учаскелер пысықталуда, ұсақ құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктерді, кәмелетке толмағандардың алкоголь және темекі өнімдерін пайдалануы фактілерін, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз болу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ орта білім алудан қасақана жалтарған, қаңғыбастықпен және қайыр сұраумен айналысатын кәмелетке толмағандарды анықтауға ерекше назар аударылады.
ЖАШ басталғаннан бері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке 26 адам тартылды, оның ішінде 442-бап "кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс немесе түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуы" бойынша - 12 ата-ана, 132-бап "кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру" бойынша - 3 мекеме иелері, 437-бап "түнгі уақытта тыныштықты бұзу" бойынша - 3 кәмелетке толмаған және өзге де құқық бұзушылықтар.
Сағат 23:19 шамасында ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны Сәдуақасова Жансая Достық көшесіндегі "Панаехали" клубында 16 жасар кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің немесе оларды алмастыратын адамдардың еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде болуына жол беру фактісін анықтады. Жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК 442-бабы 1-бөлігі бойынша 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды, ал мекеме иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 132-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Бұдан басқа, 3 жасар ұлы бар бір отбасы "кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың ата-анасы, заңды өкілі" санаты бойынша анықталып, профилактикалық есепке қойылды.
Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және жасөспірімдер қылмысының жолын кесуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру жалғасуда.