Алаяқ астаналықтарды мемлекеттік тұрғын үй алып беремін деп алдап кеткен

Алаяқ астаналықтарды мемлекеттік тұрғын үй алып беремін деп алдап кеткен

Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы әйел ұсталды. Әйелдің Астана қаласының екі тұрғынының 45 миллион теңге ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алғаны анықталды.
Мемлекеттік органның бұрынғы қызметкері болғандықтан және көптеген байланыстарына сілтеме жасай отырып, ол елорда тұрғындарына ақылы түрде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде берген. Күдікті жәбірленушілерден сыйақыны бөліп алған, жалпы сомасы 45 миллион теңгеге жеткен. Сонымен бірге, әйел олардың әрқайсысына екі пәтер алуға кепілдік берген.
Күдікті алаяқтық жасағанын мойындады, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның елорда аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.
Полицейлер атап өткендей, бұл қылмыс мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыра отырып жазаланады.