"Жастар" сарайында Республика күні мен Қазақстандағы балалар жылына арналған Астана қаласы ПД бөліністерінің қызметкерлері арасында көңілді және тапқырлар клубының Кубогы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты полицияның имиджін нығайту, жас полицейлер буынын ұлттық дәстүрге, мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, сондай-ақ қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады.
Ойынға "Алматы қырандары" - "Алматы" ауданы ПБ командасы, "Артем" - "Байқоңыр" ауданы ПБ командасы, "Астана ақсүйектері" - "Есіл" ауданы ПБ командасы, "Алтын жігіттер" - "Сарыарқа" ауданы ПБ командасы, "Жұлдызды жігіттер" - Патрульдік полиция полкі және "Маски шоу" Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командасы қатысты.
КТК командаларының ойыны үш сайыстан тұрды: "Бала - өмірдің гүлі" тақырыбында "сәлемдесу", еркін тақырыпта "Биатлон" және "Қоршаған әлем" тақырыбында "музыкалық үй тапсырмасы". Командалардың өнерлері бес балдық жүйе бойынша бағаланды.
Полиция қызметкерлері көрермендерді сахнада өзін-өзі ұстау, сондай-ақ вокалдық қабілеттерімен таң қалдырды. Жарыс жарқын, қызықты және әсерлі түрде өтті. Қатысушылардың жарқыраған әзілдері мен өнерлері – нағыз мерекелік атмосфера қалыптастырды. Басқарма қызметкерлері командаларының орындауындағы әзілдер, әндер, үй дайындықтары ешкімді бей-жай қалдырмады.
Жанкүйерлер, яғни елордалық полиция қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері мен балалары өз командаларын барынша қолдады. Жігерлендіретін жазулары бар плакаттар арнайы дайындалды.
Қазылар алқасының құрамына Астана қаласы ПД Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ғабит Досаев, Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұран Камзин, КТК бойынша Қазақстан құрама командасының қоюшы-режиссері Светлана Грабовская, Астана КТК филиалының директоры Фурхат Курбанов, Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының концерт қызметі бөлімі басшысы Сабыржан Сейілханұлы, Астана қаласы әкімдігінің № 1 балалар музыка мектебінің директоры, Мәдениет саласының үздігі Болат Қыдырманов, белгілі КТК қатысушысы, шоумен, продюсер Нұржан Бейсенов.
Жиналған ұпайлардың қорытындысы бойынша ЖҚАЖ полицейлері ең көңілді және тапқыр болып шықты. Қазылар алқасының ортақ пікірі бойынша оларға бірінші орын, екінші орын - "Есіл" ауданы ПБ командасына, үшінші орын "Алматы" ауданы ПБ командасына берілді.
Қорытындылай келе, қазылар алқасының әрқайсысы командаларға жылы сөздер мен тілектер айтты.