Астанада әйел бір бөлмеде тұратын көршісінің ақшасын ұрлаған

Астанада әйел бір бөлмеде тұратын көршісінің ақшасын ұрлаған

«Байқоңыр» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ақша ұрлады деген күдікпен 34 жастағы әйелді ұстады.
Тергеу барысында әйел екі апта бойы Қайрақты көшесіндегі үйден бөлме жалдап, бірге тұрғаны анықталды. Күдікті күндізгі уақытта бір бөлмеде бірге тұратын көршісінің матрастың астына ақша жасырғанын байқаған. Содан ол оның жоқтығын пайдаланып, ақша ұрлаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті қырағы болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Еске сала кетейік, елорда аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша шараларды күшейту.
Аталған іс-шара барысында 42 881 аралау жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 16 433 пәтер, 4 199 саяжай үйі және 1 234 қараусыз қалған үй. Сонымен қатар, 9 306 есепке алынған тұлға және 13 122 қару иесі тексерілді.
Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде учаскелік инспекторлар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 2 300-ге жуық азаматты, тыныштықты бұзғаны үшін 2 447 тәртіп бұзушыны жауапқа тартты, сондай-ақ қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішудің 4 мыңға жуық фактісі анықталды. 396 ата-ана мен заңды өкілге қатысты кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін іс қозғалды.
Жалпы, жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 20 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.