
Елордада 4 және 7 шақырым қашықтықтарға «Бір рух – бір қадам» атты бұқаралық жүгіру өтті.
Жүгіру шарасын Сарыарқа ауданының әкімдігі қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, Астана қаласы Полиция департаментінің және «Әділет» партиясының қатысуымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында ұйымдастырды.
Спорттық бастама салауатты өмір салтын насихаттауға, есірткіден және басқа да зиянды әдеттерден бас тартуға, сондай-ақ құқықтық профилактиканы күшейтуге бағытталды. Жүгіруге 1500 адам қатысты.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері есірткіні қолдану мен таратудың салдары, жауапты мінез-құлықтың және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы азаматтардың хабардарлығын арттыруға бағытталған профилактикалық акция өткізді.
Мұндай спорттық іс-шаралар адамдарды оң құндылықтар төңірегіне біріктіріп, спортты зиянды әдеттерге табиғи балама ретінде қалыптастыруға ықпал етеді. Бұқаралық жүгіру – бұл тек дене белсенділігі ғана емес, сонымен қатар жеке үлгі арқылы денсаулықты, қауіпсіздікті және заңға бағынатын өмір салтын таңдаудың маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік беретін алаң.
Полиция департаменті спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ азаматтардың есірткіге және басқа да қауіпті әдеттерге деген тұрақты теріс көзқарасын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.