Астанада есірткі граффитиі мен заңсыз есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейтілуде

Астанада есірткі граффитиі мен заңсыз есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейтілуде

Елордада есірткі заттарын таратуға байланысты заңсыз жазулар мен жарнамаларды анықтау және жолын кесуге бағытталған рейдтік әрі профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Жыл басынан бері елорданың әр ауданында 20-дан астам рейд өткізілді. Бірлескен жұмыстар барысында есірткі граффитиінің белгілері бар 330-дан астам жазу анықталып, бояумен өшірілді.
Рейдтерге полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және волонтерлер қатысуда. Жұмыстардың мақсаты – заңсыз жазуларды жоюмен қатар, олардың қайта пайда болуының алдын алу.
Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз жарнамасын орналастыратын адамдарды анықтауға ерекше назар аударылуда. Мұндай әрекет қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Анықталған әрбір факті мұқият тексеріледі. Тыйым салынған жарнаманы орналастыру туралы мәлімет расталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны жою және тиісті интернет-ресурстарды, парақшаларды, аккаунттарды және оны тарататын өзге де ақпарат көздерін бұғаттау бойынша шаралар қабылданады. Сонымен қатар мұндай жарнаманы орналастыруға қатысы бар адамдар анықталып, оларды жауапкершілікке тарту мәселесі шешіледі.
Полиция азаматтарды құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырады. Есірткі жарнамасы бар жазуларды немесе интернеттен күмәнді контентті байқаған жағдайда полицияға хабарлау қажет.
Есірткі жарнамасын анықтау, бұғаттау және жолын кесу, сондай-ақ есірткі граффитиін бояп өшіру жұмыстары «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Астана – есірткісіз қала!» бағдарламасы аясында тұрақты түрде жалғастырылады.