Астанада жол қауіпсіздігі цифрлық бақылау арқылы күшейтілуде

Астанада жол қауіпсіздігі цифрлық бақылау арқылы күшейтілуде

Астанада жол қауіпсіздігі цифрлық бақылау арқылы күшейтілуде

Елорда көшелеріндегі жол қозғалысын 6500-ден астам бейнекамера тәулік бойы бақылауда

Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында цифрлық технологияларды қолдану ауқымы кеңейіп келеді. Бүгінде елорда көшелеріндегі жол қозғалысын бақылауға 6500-ден астам бейнекамера тартылған.

Цифрлық жүйелер жол қозғалысы ережелерінің сақталуын автоматты түрде бақылап, анықталған құқық бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттырып, жолдағы тәртіпті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Елордадағы жол қозғалысын цифрлық бақылау инфрақұрылымының негізгі бөлігін «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені құрайды. Қазіргі таңда оның 6000 камерасы қаланың қиылыстары мен желілік учаскелерінде орнатылған.

Сонымен қатар жол қозғалысын бақылау барысында «Екин» мобильді бағдарламалық-аппараттық кешенінің 14 құрылғысы және «Дозор» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 14 құрылғысы пайдаланылады.

Цифрлық бақылау жүйелерінің тиімділігі нақты көрсеткіштерден де көрінеді. Автоматты тіркеу құралдарының көмегімен 1 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталған.

Бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндігі құқық бұзушылықтарды тіркеумен ғана шектелмейді. Цифрлық инфрақұрылым жолдағы жағдайды тұрақты бақылауға, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Заманауи технологиялардың кеңінен енгізілуі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, полицияның жол қозғалысына бақылау жүргізу мүмкіндіктерін арттыруда.

Осылайша, Астанада жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы жүйелі түрде жетілдірілуде.