
Таза қала – әр адамның жауапкершілігінен басталады
Астанада қала көшелерінің тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елордалық полицейлер қоғамдық орындарды ластау фактілерінің алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ абаттандыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны және қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 34 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Кезекті рейд барысында осындай фактілердің бірі анықталды. Тұрғындардың бірі пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Жұмыстар аяқталғаннан кейін ол қоқыс пен құрылыс материалдарын іргелес аумақта белгіленбеген жерге жинап, қалдырған.
Аталған азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Астана қаласының полициясы тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға, аумақтарды күтіп ұстауға жауапкершілікпен қарауға және қоғамдық орындарды ластауға жол бермеуге шақырады.