«Астана – есірткісіз қала!»: Қайрат Нұртастың концертінде ауқымды профилактикалық акция өтті

«Астана – есірткісіз қала!»: Қайрат Нұртастың концертінде ауқымды профилактикалық акция өтті

«Астана – есірткісіз қала!»: Қайрат Нұртастың концертінде ауқымды профилактикалық акция өтті

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын және «Астана – есірткісіз қала!» кешенді жоспарын іске асыру аясында Астана қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы ҚР ІІМ Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл комитетімен бірлесіп, қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың концертінде ауқымды профилактикалық акция өткізді.
«Астана Арена» алаңында өткен музыкалық шараға шамамен 30 мың көрермен жиналды. Концерт алдында және іс-шара барысында полиция қызметкерлері волонтерлермен бірлесіп, келушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған ақпараттық материалдар таратты және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салды.
Іс-шара қатысушыларына есірткінің заңсыз айналымы мен басқа да есірткі құқық бұзушылықтары туралы ақпаратты хабарлауға болатын байланыс нөмірлері көрсетілген жадынамалар да таратылды.
Акцияға «Тәртіпбек» пен «Тазабек» кейіпкерлері де белсенді қатысты. Олар концерт қонақтарын қарсы алып, елорда тұрғындары мен қонақтарын белгіленген тәртіп ережелерін сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және қаладағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға шақырды.
Жаппай мәдени іс-шаралар барысында профилактикалық жұмыстар жүргізу азаматтардың, әсіресе жастардың едәуір бөлігін қамтуға және әлеуметтік маңызы бар ақпаратты олар үшін үйреншікті форматта жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл полицияның халықпен ашық өзара іс-қимылын нығайтып, есірткі құқық бұзушылықтарының салдары туралы хабардарлықты арттырады және қауіпсіздік мәселелеріне жауапты көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Елордадағы қоғамдық және мәдени алаңдарда профилактикалық акциялар «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және «Астана – есірткісіз қала!» ұраны аясында жалғасын табады.