Тыныштық пен қауіпсіздік үшін: елордада рейд жалғасуда

Тыныштық пен қауіпсіздік үшін: елордада рейд жалғасуда

Елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Кезекті рейд барысында полиция қызметкерлері Орталық саябақ аумағында қатты дыбыс шығаратын шығару жүйесі орнатылған Audi маркалы автокөлікті анықтады.
Тексеру нәтижесінде көлік жүргізушісі, 22 жастағы азамат, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 10-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған автокөлік белгіленген тәртіппен коммуналдық тұраққа қойылды.
Полиция азаматтарды көлік құралдарын пайдалану кезінде белгіленген талаптарды сақтауға және өзге жол қозғалысына қатысушылардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне құрметпен қарауға шақырады.