
Елордалық полиция қызметкерлері «Жастар» театрында өткен «Соңғы аялдама» әлеуметтік драмасының көрсетіліміне қатысты. Қойылым тыйым салынған заттарды қолданудың салдарына және ойланбай жасалған таңдаудың неге әкелуі мүмкін екеніне арналған.
Спектакль жастар арасында жүргізілетін профилактикалық жұмыстың бір түрі болды. Өнер арқылы көрермендерге дұрыс таңдау жасамаудың салдары көрсетіліп, өз өміріне жауапкершілікпен қараудың және қауіпті әдеттерден дер кезінде бас тартудың маңыздылығы түсіндірілді.
Қойылым 2026–2028 жылдарға арналған Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында ұйымдастырылды. Аталған жоспар есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға кешенді тәсілді көздейді және халықпен, оның ішінде жастармен жұмыстың түрлі бағыттарын қамтиды.
Полиция есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға және жас ұрпақ арасында тыйым салынған заттарды қолдануға берік теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдайды. Профилактикалық жұмыста ағартушылық, спорттық, мәдени, ақпараттық және қоғамдық жобаларды қоса алғанда, түрлі форматтар қолданылады.
Бұл бағытта елордалық полиция мен Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы бірлесіп жұмыс жүргізуде. Ынтымақтастық профилактикалық бағыттағы жұмыстарды кеңейтіп, жастармен маңызды әлеуметтік мәселелерді тек дәрістер мен әңгімелесу форматында ғана емес, өнер арқылы да талқылауға мүмкіндік береді.
Мұндай жобалардың негізгі мақсаты – ықтимал салдарлар туралы ескерту және жас адамның дені сау әрі қауіпсіз болашақтың пайдасына саналы таңдау жасауына ықпал ету.