
Елордада қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісімен көлік құралын пайдалану фактісін анықтады.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері «Shacman» маркалы жүк көлігін тоқтатты. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі төңкеріліп орналастырылғаны анықталды.
Жүргізуші көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісімен көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Елорда полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне қойылатын талаптарды қатаң сақтауды ескертеді.
Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасуда.