
Астанада 27 жастағы жергілікті тұрғын туған әпкесін ерекше құттықтамақ болған. Тосын сыйды әсерлі ету үшін ол көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы автотұрақта отшашу ұйымдастырған.
Түнгі уақытта естілген қатты дауыс пен пиротехникалық бұйымдардың қолданылуы тұрғындардың мазасын алып, олар полицияға хабарлаған.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол бірден үш әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауаптылыққа тартылды: тыныштықты бұзғаны, елді мекен аумағында пиротехникалық бұйымдарды қолданғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін. Сот қаулысымен құқық бұзушыға айыппұл салынды. Полиция елді мекендердегі тұрғын үй аулаларында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың тыныштығын бұзумен қатар, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салады.
Полиция азаматтарды өзгелердің тыныштығы мен демалысына құрметпен қарауға және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады. Тіпті мерекелік іс-шаралардың өзі айналадағы адамдарға қолайсыздық туғызып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болмауы тиіс