
Астана қаласының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру дерегіне қатысы бар 26 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті ер адам өзі бұрын жұмыс жасап кеткен нысан аумағына еркін кіріп, ешкімнің назарын аудартпай, «ВВГ 3х2,5» маркалы мыс кабельді жасырын түрде қолды еткен.
Жәбірленушінің арызы негізінде полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, қысқа мерзім ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ол қолға түсіп, Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің “Ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті азаматтарға құрылыс материалдарын, кабель өнімдерін және өзге де бағалы мүліктерді қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау мүліктік қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Заңсыз әрекет жасаған әрбір азамат міндетті түрде заң алдында жауап береді.