
Астана қаласы бойынша ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №2 мекемесінде сотталғандар арасында өткен жазғы спартакиаданың жабылуына арналған спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара Астана қаласының Полиция департаменті мен Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен есірткі құқық бұзушылықтарының, оның ішінде қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді.
Спартакиада бағдарламасы аясында волейбол, қол күресі, эстафета, арқан тарту және гір көтеру спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушыларды дайындау, көрсетілімдік өнер көрсету және жарыстарды өткізу жұмыстарына кәсіби спортшылар мен спорт шеберлері қатысты. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жеке үлгілері арқылы сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырды.
Іс-шараға арнайы шақырылған спикерлер ретінде «Жасыл Желкен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлзат Алмажанова, психолог, Астана қаласындағы жоғары оқу орындарындағы есірткінің алдын алу жөніндегі психологиялық профилактика комитеттерінің үйлестірушісі Мирзада Сейтқали, сондай-ақ Астана қаласының толық байланыстағы каратэ қауымдастығының төрағасы Айрат Жеңіс сөз сөйледі.
Кездесу барысында қатысушылармен есірткіден бас тартудың маңыздылығы, спорттың дұрыс өмірлік құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі және болашаққа жауапкершілікпен қараудың қажеттілігі туралы пікір алмасты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, тәртіпті нығайту, командалық рухты дамыту және заңға бағынатын өмір салтын ұстануға тұрақты мотивация қалыптастыру болды.
Мұндай іс-шараларды өткізу қайталама қылмыстар мен есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Спорт адамның ерік-жігерін шыңдап, жауапкершілік сезімін арттырады, ұжыммен жұмыс істеу қабілетін дамытады және сотталғандардың қоғамға қайта бейімделіп, толыққанды өмірге оралуына оң ықпал етеді.