Елордада заң талаптарын түсіндіру барысында 21 азаматшаға қатысты әкімшілік шара қабылданды

Елордада заң талаптарын түсіндіру барысында 21 азаматшаға қатысты әкімшілік шара қабылданды

Астана қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында азаматтарға қолданыстағы заңнамадағы жаңа талаптарды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
2025 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін толықтай жабатын киімдерді киюге шектеу енгізілген. Аталған талап қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.
Тексеру нәтижесінде олардың қоғамдық орындарда адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киім элементтерін кигені белгілі болды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-3-бабының 1-бөлігіне сәйкес 21 азаматша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері қала аумағында, саябақтарда, көшелерде, сауда және ойын-сауық орталықтарында азаматтарға заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Тұрғындарға қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін толық жабатын киімдер мен аксессуарларды пайдалану ережелері және заң бұзушылықтың құқықтық салдары түсіндірілуде.
Полиция департаменті азаматтарды қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады. Қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім элементтерін кию тек заңмен көзделген ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.